Тараздық әйелді пышақпен қорқытып, қарақшылық жасаған күдікті қолға түсті
Тараздық әйелді пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
102 операторының пультіне облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел сағат 14:30 шамасында белгісіз адам оның үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 700 мың теңге тұратын алтын әшекейлерді ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.