Теміртауда велосипед ұрлығына қатысы бар екі жасөспірім ұсталды
Теміртауда велосипед ұрлығына қатысы бар екі жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының басында Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны жүгінген. Ер адамның үйінің подъезінде тұрған құны 40 мың теңге болатын велосипед ұрланды.12 мамырда криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Күдікті 39 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
30 сәуірде 36 жастағы қала тұрғынының үйінің подъезінен велосипед ұрланды. Шығын 60 мың теңгені құрады. Орталық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаған 43 жастағы ер адамды ұстады.
Ұрыларды подъезде орнатылған бейнебақылау камералары да тоқтатқан жоқ. Теміртау қаласында 11 және 12 мамырда Шығыс полиция бөліміне велосипед ұрлағаны туралы төрт арыз түсті. Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған сектор бойынша іздестіру шараларын жүргізе бастады. Жүргіншілер мен тұрғындар сұралды. Олардың бірі 15-17 жас аралығындағы екі адамның үйінің қасынан бірнеше рет әртүрлі велосипедтермен өткенін көргенін түсіндірді.
Алынған мәліметтер бойынша Теміртау қаласының екі тұрғыны ұсталды. Жасөспірімдер подъездерге кіріп, «темір аттың» бар-жоғын тексерген. Табылған кезде оларды алып кеткен. Өтіп бара жатқан адамдарға күдік тудырмауға тырысты.
Барлық ұрлық бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу жүргізілуде.
Ұрлық қауіпін азайту үшін:
– велосипедті подъездерде қалдырмауға тырысыңыз, қалдырған жағдайда міндетті түрде құлыптаңыз, мүмкіндігінше қысқа уақытқа кетсеңіз де, велосипедті қараусыз қалдырмаңыз;
– ультракүлгін сәуледе көрінетін арнайы маркермен бөлшектерге, дөңгелектерге, жақтауларға немесе велосипедтің жасырын бөлшектеріне гравировка жасаңыз. Сондай-ақ, велосипед сатып алған кезде дүкенде алған құжаттарыңызды сақтаңыз. Есіңізде болсын, құжатсыз велосипед ұрланған болуы да мүмкін. Егер қандай да бір себептермен велосипед құжаттары болмаса, раманың сериялық нөмірін қайта жазуды немесе суретке түсіруді ұмытпаңыз;
– Сондай-ақ, велосипедтің суретін толығымен түсірген жөн. Велосипедтің ерекше белгілерін, бөлшектер, орнатылған аксессуарлар, жапсырмалар, сызаттар және басқа да зақымдануларын есте сақтауға тырысыңыз. Ұрлық жағдайында бұл шаралар іздеуге айтарлықтай көмектеседі.