Павлодар облысында велопатрульдер қызметке кірісті
Павлодар облысында велопатрульдер қызметке кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы кезеңде автопатрульдер мен ат взводынан басқа Павлодар қаласында велопатрульдер қызмет атқаратын болады. Полиция қызметкерлері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтың барлық периметрі бойынша, соның ішінде автокөліктер өте алмайтын орындарды да назарда ұстауы тиіс.
Велосипед – көлік жүре алмайтын аймақтарда өте қолайлы. Павлодар қаласының бақша кооперативтерінің аумағында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында екі дөңгелекті көлікпен рейдтер жүргізіледі.
– Айта кету керек, полиция қызметкерлері үнемі бақшаларда рейдтер жүргізеді. Қаланың солтүстік бөлігіндегі (Ертіс, Весна, Нефтянник, Здоровье) бақша аумағында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау, ұрлықтың алдын алу мақсатында кезекті ауқымды өңдеу жүргізіледі. Рейдтік іс-шаралар барысында құрылыс нысандарын, соның ішінде тоқтап қалған және қараусыз қалған ғимараттарды, саяжай учаскелерін тексеру ұйымдастырылды, – деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Қанат Дүйсекенов.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін велосипедтер сатып алынды, өйткені саяжай алқаптарын велосипедпен патрульдеу кезінде құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға, қызмет көрсетілетін учаскені бірнеше рет айналып өтуге болады. Сонымен қатар, полицияның жаңа формасы осы көлікпен қызмет етуге ыңғайлы.