Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынының пәтерінен 600 мың теңгенің алтын бұйымдары ұрланды

Степногорск тұрғынының пәтерінен 600 мың теңгенің алтын бұйымдары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамырда сағат 17:50-де Степногорск қаласының Полиция басқармасына 23 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өтініш беруші 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында белгісіз адам пәтерден алтын бұйымдарды, үш сақина, екі мойынтұмар, алқа және білезігін ұрлап кеткенін айтқан.

Зардап шегуші зергерлік бұйымдардың жоғалғанын бірден аңғармаған және полицияға жақында ғана жүгінген. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Ол анасының танысы, Солтүстік Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасаған ісін мойындады. Ер адам ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырған. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі  (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру