Сарыағашта үш бірдей алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті қолға түсті
Сарыағашта үш бірдей алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне үш бірдей жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың бірі өз арызында тұрғылықты үйіне белгісіз біреу келіп, газ құбырын кіргізіп беремін деп сеніміне кіргенін жеткізді. Ол үшін ақыға 186 мың теңге ақшасын алып кеткен. Алайда уәде орындалмай жарты жылға жуық уақыт өтеді.
Ал қалған екі жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына белгісіз ер адам келіп, үйіне кіргізілген табиғи газға қатысты заңды құжат жасап беремін деп біреуінен 71 мың теңге, екіншісінен 75 мың теңге алған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жас жігіт ұсталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Тексеру кезінде оның бұдан алдын да ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алаяқтық бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.