Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдікті анықтады

Мақтааралдық полицейлер екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына келу, кету ережелерін сақтау.

Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 47 заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының шетел азаматтарын анықтады. Енді олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру