Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер самбодан ҚР спорт шеберлері арасындағы чемпионатқа қатысты

Қарағандылық полицейлер самбодан ҚР спорт шеберлері арасындағы чемпионатқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13-15 мамыр аралығында Қарағандыда Қ. Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде самбодан спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирдің құрметті трофейлері үшін Қазақстан Республикасының М1 шеберлері санатындағы спортшылар күресті.

Турнирге 364 спортшы қатысты, олардың арасында қарағандылық полицейлер де болды. Полиция намысын Қарағанды қаласының Полиция басқармасы бастығының орынбасары Шахназар Салин және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкі ротасының командирі Дәулет Ысқақов қорғады.

Полицейлердің қарсыластары мықты болды. Чемпионатқа еліміздің үздік спортшылары келді, олардың әрқайсысы ең мықты атағы үшін күрескен.

Қарағандылық тәртіп сақшылары үшін жеңіске жету оңайға соқпады. Спорт майталмандары өз шеберліктерін төсеніштерде көрсетті. Өткізілген жекпе-жектің қорытындысы бойынша полицейлер өздерінің салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды.

98 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды спорт шеберлері арасындағы самбо чемпионатының алтын жүлдегері атанған Дәулет Ысқақов иеленді. Ал +98 келі салмақта самбо күресінен спорт ардагерлері арасында өткен чемпионаттың қола жүлдегері Шахназар Салин болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру