Ақтөбе облысының бас полицейі аудандық полиция бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды
Ақтөбе облысының бас полицейі аудандық полиция бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД бастығы Абай Жусупов жұмыс сапары аясында аумақтық полиция бөлімдерін аралады. Аумақтық полиция бөлімдерінде жеке құрамның қатысуымен осы жылғы төрт ай ішінде атқарылған жұмыстары туралы жедел кеңес өткізді.
Облыстық полиция басшысы қызметтік жұмыстың әрбір бағытын егжей-тегжейлі талқылап, полиция бөлімдерінің басшыларының жұмысына баға берді. Айта кету керек, Президент Жолдауына сәйкес, учаскелік инспектордың нәтижелі жұмысы үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктерді жасау қажеттігін атап өтті.
Одан бөлек, аудандық полиция бөлімдерін аралау кезінде департамент бастығы учаскелік полиция пунктінің жабдықталуына да назар аударды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесудегі талаптарын жеке құрамға жеткізді.
Абай Жусупов аумақтық полиция бөлімдерінің басшыларына учаскелік инспекторлардың жұмысын жетілдіруді, халықпен кері байланысты ретке келтіруді, белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуді және полицияның есебінде тұрған адамдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.