Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған ер адам ақылы жұмысқа орналасты

Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған ер адам ақылы жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда пробация қызметкерлерінің ықпалымен, соттың үкімімен кінәлі деп танылған Б. есімді азамат ақылы жұмысқа орналасты. Айта кету керек, 27 жастағы бұл азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Ұрлық) бойынша үш жылға бас бостандығынан шектелген. Сондай-ақ, оған пробациялық бақылау орнатылып, жаза өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқару міндеттелді.

– Тараз қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы сотталған Б. есімді азаматтың “Қазпошта” акционерлік қоғамының облыстық филиалына курьер ретінде жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 27 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып, аз қамтылған 10 азамат қаражат түріндегі атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бүгінгі таңда “Бастау-Бизнес” жобасы арқылы үш айлық арнайы курстарға қатысып, 400 АЕК түрінде грант алуға ниетті 15 сотталған кезекте тұр, – дейді қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы Қуаныш Калык.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру