Кентауда сатушы өзі жұмыс істейтін дүкенге ұрлыққа түсті
Кентауда сатушы өзі жұмыс істейтін дүкенге ұрлыққа түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне тиесілі аралас заттар дүкенінен сатушысының тұрмысқа қажетті заттарды жасырын ұрлап жатқан жерінен ұстап алғанын жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі - 135 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша, ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.
Бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған жас қыз өзіне қаражат қажет болған соң осындай қадамға барғанын айтты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.