Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мал ұрысын қолға түсірді

Қызылордалық полицейлер мал ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны үйіндегі мал қорасынан бір бас сиыры ұрланғандығы туралы шағым түсірді. Жәбірленушіге 450 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ зат алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру