Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ұландықтар демалыс күндері жоғалған төрт баланы ата-анасына қайтарды

Демалыс күндері елордалық тәртіп сақшылары жоғалған 6-8 жас аралығындағы төрт баланы тауып, ата-анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы оқиға кешкі сағат 21:50 шамасында Есіл өзенінің жағалауындағы бағытты айналып өту кезінде орын алған. Адасып, туыстарын таба алмаған 6 жасар бала Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери бөлімшесіне жүгінген. Әскери жасақтың бастығы ефрейтор Юрий Апутис патрульшілермен бірге біраз уақыттан кейін баланың әпкесін тапты.

Сол күні сағат 22:40 шамасында Есіл өзенінің жағалауында әскерилер 7 жасар бала мен 8 жасар қызды байқайды. Ата-аналарымен серуендеген балалар адасып, туыстарын таба алмай қалған. Балалардың әкесін патрульдік топтың бастығы Мұқтар Қыдырәли қарсы алды.

Жарты сағаттан кейін жол бойымен келе жатқан патрульдік топтың жетекшісі үлкендердің қарауынсыз қалған 7 жасар қызды көреді. Біраз уақыттан кейін қыздың анасы табылды.

Жоғалып қалған балалардың ата-аналары мен туған-туыстары сарбаздар мен олардың командирлеріне қырағы әскери қызметі үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру