«30 игі іс»: Ақтөбе облысының полицейлері қан тапсырды
Ақтөбе облысының полицейлері қан тапсырсы, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамыр күні Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған «30 игі іс» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері қан тапсырды.
Полиция қызметкерлері өздерінің игі іс-әрекеттерімен адам өміріне араша болуға үлкен үлес қосты. Себебі полиция қызметкерлері кез келген қиын сәтте көмекке келуге әрқашан дайын және олар тапсырған қан мөлшері бірнеше адамның өмірін құтқаруға көмектеседі деген сенімде.
Өз кезегінде дәрігерлер полиция қызметкерлерін еріктілер қатарынан көргеніне қуанышты. Өйткені, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексерулерден өтеді, физикалық тұрғыдан жағдайлары жақсы, сырқаты жоқ. Донор болуға осындай адамдар қажет. Көптеген полиция қызметкері үшін бұл үйреншікті жағдай.