Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізуші STOP жол белгісіне соқтығысты

Ақтөбе облысында мас жүргізуші STOP жол белгісіне соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында ВАЗ-2110 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Тәуелсіздік көшесіндегі Темп спорт мектебінің жанында орналасқан STOP жол белгісіне барып соқтығысқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің көлік басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйде көлік жүргізгені анықталды.

ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Автокөлік тұрақта тұр. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру