Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының бас полицейі азаматтарды жеке қабылдады

Павлодар облысының бас полицейі азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр азаматтарды жеке қабылдады. Бұл күні Ішкі істер органдарының құзыретіндегі түрлі проблемалық мәселелермен өңірдің алты тұрғыны басшыға жүгінді.

Қылмыстық істерді қараудан басқа, азаматтарды қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзуға, сондай-ақ Павлодар қаласының халық тығыз орналасқан аудандарында полицияның алдын алу жұмыстарына қатысты мәселелер толғандырды.

Мысалы, павлодарлық азамат бастыққа бір қылмыстық істі қайта қарауды өтінді. Себебі іс толық қаралмаған деп санайды екен қала тұрғыны. Қабылдаудан кейін Василий Скляр істі қайта қарауды, сондай-ақ мұқият тергеу үшін қосымша қажетті сараптамаларды жүргізуді тапсырды. Қала тұрғыны бастыққа осындай кездесулер үшін және отандастарына ықыласты қарым-қатынасы үшін алғысын білдірді.

Павлодардың тұрғыны аулада қосымша жол белгілерін орнату қажеттігін айтып көмек сұрады. Дәл осындай сұрақпен ауыл тұрғындары да жүгінді. Бұл мәселелерді қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру