Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда жоғалған бие табылып, иесіне қайтарылды

Мақтааралда жоғалған бие табылып, иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауылға қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 28 бас жылқысының ішінен көк түсті биесі жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 400 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жоғалған малды табу мақсатында дереу “Канал” жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында тәртіп сақшылары 20 шақырымдық жердегі тоғайлы алқапта жалғыз жайылып жүрген жылқыны тапты. Оның түр-түсін, таңбасын анықтай келе, аталған азаматтың көк түсті биесі екені белгілі болды. Сондай-ақ, бие иесіне қайтарылды.

– Мен өзімнің жылқымды жайылымға жіберіп, соның ішінде бір биемді жоғалтқанымды айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған едім. Олар дереу іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыстарының арқасында бием табылды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін, – деді тұрғын

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру