Нұр-Сұлтанда супермаркеттен шоколад ұрлаған күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 47 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам супермаркетте жүріп, жалпы сомасы 33 мың теңгені құрайтын 20 дана «Merci» шоколадын ұрлап кеткен. Аталған күдікті төлем жасамай кассадан өтіп, шығып кеткен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.