Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да атыстан жарыс өтті

Павлодар облысы Полиция департаментінің тирінде Макаров тапаншасынан атудан ішкі істер министрінің кубогына іріктеу жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа департаменттің аумақтық басқармалары мен полиция бөлімдерінің 16 командасы қатысты. Жарыс полицияның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, жауынгерлік қарудан ату дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ мықты атушылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізілді.

– Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды ЖҚАЖ командасы, екінші орынды Полиция департаменті аппаратының командасы, үшінші орынды Ақсу қаласы ПБ командасы иеленді. Ерлер арасындағы жеке есепте ЖҚАЖ инспекторы Қуаныш Шугаипов жеңімпаз атанды, екінші орынды ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім бастығы Дінмұхамед Сапабеков, үшінші орынды Ақсу қаласы ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы Берік Әбілхасов иеленді. Қыздар арасындағы үздік мерген ЖҚАЖ инспекторы Зура Қалипенова болды, екінші орынды ПД Ақпарат және байланыс басқармасының аға инженері Айсұлу Омарова, үшінші орынды ЖҚАЖ инспекторы Ризагүл Андасова иеленді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Маусым айында олар республикалық атыс жарыстарына қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру