Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ұры әйел ұсталды

Нұр-Сұлтанда ер адамның үйіне қонаққа келген әйел оны тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Полицияға қала тұрғыны арызданып, оған танысы қонаққа келіп, 80 мың теңге тұратын “Xiaomi Redmi” маркалы ұялы телефоны мен ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтты.

Тергеу барысында анықталғандай, дүкеннің жанында 51 жастағы ер адам 63 жастағы әйелмен екеуі де алкоголь сатып алып жатқан кезде танысқан. Ер адам таныстықты жалғастыру үшін әйелді үйіне қонаққа шақырған. Содан кейін екеуі бірге алкогольді ішімдік ішкен. Одан соң әйел ер адамның ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, оның ұялы телефонын, ақшасын ұрлап алып кеткен.

Аталған факті бойынша “Ұрлық” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру