Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ақша салынған сөмкенің ұрлығын ашты

Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Қостанай облысының тұрғыны ірі ақша сомасын ұрлау фактісі бойынша арызданған. Ер адамның айтуынша, ол елордаға жеке хабарландыру сайтында таңдаған көлікті сатып алу үшін келген.

24 мамыр күні сағат 14.00 шамасында ол Жеңіс даңғылындағы үйге автокөлікті көруге келген. Көліктің иесімен сөйлесу барысында жәбірленуші қара сөмкесін ағаш бұтағына іліп қойған. Ол мұны көліктің жағдайын бағалауға кедергі болмас үшін жасаған.

Осы кезде бейтаныс адамдар қоқыс жәшігінің жанында металл жинап жатқан. Сондай-ақ көшенің камерасына сол сәттегі ұрлық түсіп қалған. Әлгі адамдардың арасындағы жасөспірім 5 013 000 теңге көлемінде ақша жатқан сөмкені ұрлап кеткен.

“Сарыарқа” ауданы ПБ жедел уәкілдері бір сағаттың ішінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрыны “ізін суытпай” ұстады. Ол 12 жасар жасөспірім болып шықты. Бала ұрланған сөмкені әкесіне апарып берген.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сөмке алынып, иесіне қайтарылды. Жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру