Ұлттық ұланның қызметтік иті 6 пакет есірткі затын тапты
Степногорскта арнайы үйретілген қызметтік ит алты пакетке салынған есірткі затын табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3517 әскери бөліміне жергілікті құқық қорғау органдарынан есірткі затын табуға көмек көрсету бойынша тапсырыс келіп түседі. Ірі көлемдегі есірткі жасырылуда деген жедел ақпаратқа әскери бөлімнен кинолог маман Ғалымжан Өтепбергенов Миранда лақап атты қызметтік итімен аттанады.
Тұрғын үйлердің біріне кірген Миранда бірден тінту жүргізіп, бөлмелердің бірінде есірткі жасырылып тұрғанын белгімен білдіреді. Нәтижесінде қызметтік ит нұсқаған жерден жасыл түсті зат салынған алты пакет табылды.
«Миранда есірткі затын табуға үйретілген қызметтік ит. Мінезі жақсы, ойнағанды жақсы көреді. Тіпті, есірткіні іздеуді ойын ретінде көреді. Осыған дейін де ол жақсы нәтижелер көрсеткен. Болашақта да есірткі іздеу саласында жетістіктер көрсететініне сенімдімін»,- дейді ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов.