Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұландықтар үшін жаңа жаттығу залы ашылды

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының аумағында Бас қолбасшылық басшылығының, бас басқармалар мен басқармалар бастықтарының қатысуымен модульдік жаттығу залының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызыл лентаны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қиды.

– Жаңа жаттығу залы Бас қолбасшылықтың офицерлері мен әскери қызметшілеріне физикалық дайындықтарын нығайту үшін заманауи, жайлы жағдайда жаттығуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті генерал-лейтенант.

Салынған залда көп функциялы қуат станциясы, кроссовер, жүгіру жолы, эллиптикалық стационарлық велосипед, гантельдер, пресс-орындық сияқты спорттық тренажерлер бар. Сонымен қатар ғимаратта душ кабиналары қарастырылған.

Жалпы Ұлттық ұланның әскери бөлімдері бойынша модульдік үлгідегі 50 шағын ғимарат тұрғызылған. Нысандар Ақтау, Астана, Атырау, Жаңаөзен, Қостанай, Павлодар, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Алматы облысының Заречный және Жетіген кенттерінде  орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру