Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер көпбалалы ананы тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етті

Арыстық полицейлер көпбалалы ананы тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданының тәртіп сақшылары «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» дегенді берік ұстанып, жалғыз басты бес баланың анасы Айгүл Баймұратоваға қайырымдылық көрсетті. Оның отбасына қажетті тұрмыстық заттар мен азық-түлік себетін апарып табыстады.

– «Аздың ашпын дегеніне сенбе, көптің тоқпын дегеніне сенбе» деген бар. Жетімнің басынан сипап, оған көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі, – деді тәртіп сақшылары.

– Түркістан облысының бас полицейіне, аудандық полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік. Аман болыңыздар, – деді ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру