Елордалық тергеу изоляторының қызметкерлерінің ар-намысын, қызметтік беделін қорғау бойынша сот отырысы аяқталды
Елордалық тергеу изоляторының қызметкерлерінің ар-намысын, қызметтік беделін қорғау бойынша сот отырысы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың тамыз айында тергеу изоляторының қызметкерлеріне қатысты ар-намыстарына, жалпы қызметін кемсіту бойынша тікелей эфирге ақпарат шығуына байланысты тергеу изоляторының қызметкерлері сотқа талаптық арыз берген болатын.
Дәлірек айтсақ, тергеу қамағында болған азаматпен тікелей эфир бірнеше рет көрсетілген болатын. Аталған тікелей эфирде тергеу қамағында болған азамат қызметкерлерге қатысты шындыққа жанаспайтын, олардың ар-намысына, қызметтік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттар таратып, сонымен қоса қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қатысты жеке фотосуреттерін тікелей эфирде көрсетіп, азаматтардың жеке құқықтарын бұзған болатын.
Болған жайытқа байланысты 11 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының қаулысымен мекеме қызметкерлерінің талап арыздары қанағаттандырылды.
Аталған қаулының шешіміне сай, тергеу қамағында болған азамат YouTube ақпараттық арнасында алдын болған бейнежазбаға қатысты теріске шығару туралы ақпарат жариялауға міндетті.