Ақмолалық полицейлер жоғалып кеткен 83 жастағы қарт әжейді іздеп тапты
Ақмолалық полицейлер жоғалып кеткен 83 жастағы қарт әжейді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рсалды Жетпісбаеваның жоғалып кетуі туралы арыз Степногорск қаласының полиция басқармасына 27 мамырда келіп түсті. Ұлы Дайырбек Құмартайұлының айтуынша, оның 83 жастағы анасы екі күн бұрын үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.
Қарт әйел адамның қарттық деменциямен зардап шегетіні және адасып кетуі туыстарында алаңдаушылық туғызды. Ұлының сөздері бойынша Рсалды Жетпісбаева ауруына байланысты бұрын да үйінен кетіп қалып жүрген, алайда туған-туыстарына өз бетінше немесе көршілердің көмегімен әрқашан қарт әйелді тауып алатын, бірақ бұл жолы қатарынан екі күн сәтсіз іздеуден кейін полицейлердің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданған.
Өтініш келіп түскеннен кейін қалалық Полиция басқармасының басшылығы хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіруге жеке құрам мен полицияның берілген күштерін бағыттады. Іздестіру іс-шараларына әскери қызметшілер, еріктілер және қала тұрғындары қосылды. Бір тәулік ішінде 40 полиция қызметкері, арнайы үйретілген қызметтік иттері бар кинологтар, 30-дан астам сарбаз және азаматтар орман алқабының аумағын, Заря саяжайларын, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарды: қалалық базарды, сауда орталықтарын, Степногорск қаласының орталық саябағының аумағын метр сайын аралап шықты.
Қарт әйелді іздеу бір минутқа да тоқтаған жоқ, іздестіру іс-шаралары қараңғыда да жалғасты. 28 мамыр күні сағат 11:00-де әскери қызметшілер санынан іздеу жасағы із-түссіз жоғалған Рсалды Жетпісбаеваны қаладан бес шақырым қашықтықтағы орман алқабынан тапты. Полицейлер болжағандай, қарт адам адасып, орманға қалай тап болғанын есіне түсіре алмады.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді және ол ұлымен бірге. Даирбек Құмартайұлы өз кезегінде Степногорск қаласы Полиция басқармасының жеке құрамына және анасын іздеуге белсене қатысқан барлық адамдарға жылы лебізін білдірді.
Өзінің бейне хабарламасында ол тағы бір тәулікке кешіккенде қайғылы оқиға орын алуы мүмкін екенін және полицейлер тарапынан жанашырлық, іздестіру іс-шараларын өткізу кезіндегі ұйымшылдық пен бәрінің атсалысуы Рсалды Жетпісбаеваның қазір туыстарының қасында болуына ықпал еткенін атап өтті.