Павлодар облысының полицейлері көпбалалы әріптестерінің үйіне барды
Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары полицейлермен бірге көпбалалы әріптестерінің үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек әріптестерімен бірге полиция сержанты Әділет Сапаровтың көпбалалы отбасына барды.
– Балалар – біздің болашағымыз. Олардың әл-ауқаты үшін біз өмір сүріп, жұмыс істейміз және ертеңге жоспар құрамыз. Мейірімділік пен күлкіге толы бақытты, қамсыз балалық шақтан әдемі ештеңе жоқ, сіздерге мықты денсаулық пен бақыт тілейміз. Ал ол үшін барлық жағдайды жасау – біздің ортақ міндетіміз, – деп Данияр Бек Сапаровтар отбасына ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ, бастықтың орынбасары өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін ата-аналарға алғысын білдірді. Көпбалалы отбасыға азық-түлік пен теледидар сыйға тартылды. Осы тату отбасында төрт тамаша бала өсіп келеді. Айым – 13 жаста, 7-сыныпта оқиды, 11 жастағы Әсия 5-сыныпты бітіріп, хореографиямен әуестенуде, 5 жастағы Сұлтан мен 4 жастағы Айару балабақшаға барады.
Өз кезегінде отбасы отағасының жұбайы Эльвира Өтепбергенова полицейлерге қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, мұндай көңіл олардың отбасы үшін өте құнды екенін атап өтті.