Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жігіт жалға алған пәтерден теледидарды қолды еткен

Қарағандылық жігіт жалға алған пәтерден теледидарды қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда орталық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 29 жастағы қарағандылық арызданған. Әйелдің қала орталығында жалға беретін пәтері бар. 20 мамырда жас жігіт одан бір аптаға пәтер жалдаған. Ол үй иесінің шарттарымен келісті. Шарт жасалып, төлем қабылданған.

Жеті күннен кейін иесі кілтті алуға келді. Жалға алушы есік қоңырауына да, телефон қоңырауына да жауап бермеді. Есікті қосалқы кілттермен ашып, үй иесі бөлмеге кірді. Жалға алушы мен оның заттары да болмады. Сондай-ақ, қабырғада ілулі тұрған 260 мың теңге тұратын теледидарын өзімен алып кеткен. Қалған тұрмыстық техникалар орнында болды.

Әйелден ұрланған зат пен жалға алушының толық сипаттамасын алған полицейлер аудандағы барлық ломбардтарды, тегін жарнама сайттарын тексерді. 31 мамырда криминалдық полиция қызметкерлері қашқынды ұстады. 21 жастағы қала тұрғынына туған күнін тойлау үшін қаражат қажет болған. Құжатсыз, бірақ арзан бағаға сатып алушыны тез тапқан.

Қазіргі уақытта тергеуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру