Түркістандық полицейлер қонақ үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады
Түркістандық полицейлер қонақ үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, қонақ үйдің жанында тұрған өзіне тиесілі зат тасымалдауға арналған темір құралын, екі метрлік екі релс темірін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы 160 мың теңге материалдық шығын келген.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген білгендерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдіктінің мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, жас жігіт пайдакүнемдік мақсатта күндізгі уақытта ұрлыққа түсіп, ұрлаған мүлкін темір қабылдайтын орынға сатып жіберген. Полицейлер темір терсек сатып алатын орыннан темірлерді тәркілеп, айғақты зат ретінде алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.