Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда жігіт сұлулық салонынан ақша ұрлап кетті

Нұр-Сұлтандағы сұлулық салонының кассасынан «клиент» кейпіндегі жігіт ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы жігіт түскі уақытта Желтоқсан көшесіндегі сұлулық салонына ерлер шеберінің қызметін алу үшін барған. Алайда салонға кірген ол жұмысшылардың жоқтығын көріп, осы сәтті пайдаланып, кассаның ақшасы сақталған шкафтан әмиянды ұрлап алып шыққан.

«Сарыарқа» ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ұрланған ақша салон иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру