Алаяқ Хромтау тұрғынының 10 млн теңгеге жуық қаржысын жымқырды
Алаяқ Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғынының 10 млн теңгеге жуық қаржысын жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Хромтаудың 53 жастағы тұрғынына телефон арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін екінші деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған. Қаскүнем сеніміне кіріп, оның шоттарын алаяқтардан қорғау үшін оған SMS-хабарламадан кодты айтуды ұсынған. Кодты алған алаяқ жәбірленушінің үш банкте жинаған барлық қаражатын өзінің картасына аударған.
Осылайша Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.