Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресейлік азаматша 5 жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып жүрген

Ресейлік азаматша бес жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде 1 маусымда көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтады.

Тәртіп бұзушыны Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру кезінде анықтау мүмкін болды. Тәртіп сақшылары 64 жастағы әйелдің 17 жылдан бері көрші елдің азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып жатып, 5 жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып жүргені анықталды.

– Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айрылды және заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қарастырылуда, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағында құқық қорғау органдары қос азаматтығы бар 35-тен астам құқық бұзушыны анықтады. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру