Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда үйсіз жүрген әйел кіреберісте тұрған балалар арбасын ұрлап кетті

Көкшетауда үйсіз жүрген әйел кіреберісте тұрған балалар арбасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 маусымда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынының ұрлық туралы өтініші келіп түсті. Алдын ала анықталғандай, үйдің 5-ші қабатындағы баспалдақ алаңынан өтініш берушінің балалар арбасы ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 42 жастағы әйел болып шықты.

Анықтау бөлімі аталған фактіні ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру