Балконнан темекі тұқылын лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды
Балконнан темекі тұқылын лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір-бірімен ортақ тіл табыса алмаған көршілер арасындағы кезекті жанжал Павлодар қаласының Қамзин көшесінде орын алды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөзі қызметі хабарлағандай, оқиға 7 маусымда кешкі уақытта орын алған. Бірнеше тұрғын подъезд жанындағы орындықта демалып отырғанда, көршісі төртінші қабаттан темекі тұқылын лақтырған. Бақытымызға орай, темекі әжелерге емес, асфальтқа құлаған.
Мұндай әрекетке ашуланған әйелдер жігітке ұрыса бастаған, ұялғаннан ол балконнан пәтерге жасырынған.
Мұны көрген басқа көршілер полицияға қоңырау шалып, көршісіне шағымданды. Ол 38 жастағы ер адам болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) үшін әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл мақаланың нормаларын аймақ тұрғындары жиі бұзатындығын атап өтті.
Мысалы, биылғы жылдың бес айында 510 азамат жауапкершілікке тартылды.