Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам түрмедегі досына шаурманың ішіне телефондарды салып өткізбек болды

ШҚО-да ер адам түрмедегі досына шаурманың ішіне телефондарды салып өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Колониядағы досына қысқа мерзімді кездесуге келген 35 жастағы азамат телефондарды түрмеге кіргізбек болды. Ол телефондарды шаурманың ішіне салып, ал телефон аксессуарларын майонез банкасына тығып қойған.

Қызметкерлер тексеру барысында тыйым салынған заттарды тәркіледі.

– Ер адам колонияға досымен қысқа мерзімді кездесуге келді. Ол екі шаурманың ішіне екі телефонды, ал майонездің ішіне аксессуарларды, яғни құлаққаптар мен қуаттағыштарды жасырған, – деді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Аталған факті бойынша жедел топ шақыртылды, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру