Алматы облысында түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/8 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтыруға тырысты.
Мекеме аумағына скотчпен оралған бес орамды лақтырмақ болған ер адам ұсталды.
Орам ішінде тоғыз ұялы телефон болды.
– Аталған факті бойынша Қонаев қаласының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.