Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған атыс қаруының 149 бірлігін тапсырды
Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған атыс қаруының 149 бірлігін тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі.
Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай Республикалық бюджеттен төлем жасау көзделеді, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 31 800-ден 318 мың теңгеге дейін құрайды.
Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш келіп түсті, 149 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 26 ойық және 123 тегіс ұңғылы қару қабылданды, 370 ойық оқ-дәрілері,алдын ала сомасы – 9 846 753 теңге.