Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тұрғыннан есірткі тәркіленді 

Қызылорда облысында тұрғыннан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8 маусым күні сағат 16:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы, яғни Жалағаш ауданы тұсында қызмет атқару барысында Volkswagen Passat автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында жолаушысынан полиэтилен пакетіне оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдікті ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру