Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда Семей қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Семей қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген бұрын қылмыс жасағаны үшін қалалық сотымен іздестірілген 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қылмыскер 2021 жылдың қараша айында пластикалық терезені қысу арқылы Семейдегі жер үйлердің біріне кіріп, одан жарты миллион теңгені және 140 мың теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары 9 маусымда Өскеменде іздестірудегі тағы бір қылмыскерді ұстады.

Ұлан ауданы бойынша пробация қызметінен ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін бұрын сотталған 38 жастағы ер адам жасырынып жүрген.

Сөйтіп, ол 2019 жылдың 6 қаңтарында таңғы уақытта танысымен бірге өскемендік азаматтың пәтерінің құлпын бұзып кірген. Пәтер иесін пышақпен қорқытып, күртешені, тонды, алтын бұйымдар мен 4700 теңгесін ұрлап, қашып кеткен. Сот үкімі бойынша үкім шығарылып, пробация қызметінің есебіне алынған. Біраз уақыттан кейін ол бақылаудан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері екі қылмыскерді ұстаған қазіргі уақытта оларға қатысты сот шешімі күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру