Атырауда балаларын қараусыз қалдырған ата-ана анықталды
Атырауда балаларын қараусыз қалдырған ата-ана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусым күні сағат 22:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне қала тұрғынының Әуезов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде жасөспірім балалардың қараусыз қалғаны жөніндегі шағымы түсті. Шағым бойынша аталған мекенжайды тексеру кезінде ішкі істер органдарының “Жайсыз отбасы” есебінде тұрған 41 жастағы азаматшаның 17, 8, 5 жастағы жасөспірім балаларын қараусыз қалдырғаны анықталды.
Аталған оқиға бойынша жасөспірімдердің ата-анасы, яғни заңды өкілдері қасында болмауына орай үш жасөспірім Атырау облыстық балалар ауруханасынан толықтай тексерістен өткізіліп, Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің ата-анасына қатысты ҚР ӘКБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс-құжаттар жинақталуда.
Бұдан бөлек, балаларын қараусыз қалдырған ата-анаға қатысты жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады.