Ақмолада 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған төрт мас жүргізуші ұсталды
Ақмолада 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған төрт мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусымда сағат 19:30 шамасында жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру кезінде «Әскер 1» автопатруль экипажы Александр Нил және Диас Базарбек Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты. Полицейлердің назарын жүргізушінің Әуелбеков-Бөкейхан көшелерінің қиылысындағы жолдың жиегіне жүріп өткені аудартты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» мас күйінде болған. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл азаматтың 2021 жылы 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автомобиль қазіргі уақытта айып тұрағына қойылды. Жүргізуші Көкшетау қалалық УҰИ-на қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған ұқсас тағы бір факт облыс орталығында 11 маусымда сағат 08:30 шамасында «Әскер 5» автопатрулінің экипажы Қуаныш Сатбеков пен Думан Жүсіпов Назарбаев даңғылы-Жағалау көшесінің қиылысында Зеренді ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі болмаған.
Жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезген тәртіп сақшылары оны көлік құралын басқарудан шеттетті. Жүргізілген медициналық куәландыру жүргізушінің «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік мас күйінде болғанын көрсетті. Тексеру барысында бұл азаматтың 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Ол Көкшетау қаласының УҰИ -на қамалды.
Аршалы ауданында полицейлер тағы көлік жүргізу құқығынан айырылған екі жүргізушіні ұстады.
10 маусым күні сағат 18:00 шамасында Аршалы кентіндегі қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде учаскелік инспектор Асылбек Илиупов пен Дархан Шүкембаев 39 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Ер адам көлік құралын басқару кезінде жол ережесін бұзып, тәртіп сақшыларының назарын аударды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» мас күйінде болған. Бұл азаматтың 2020 жылы көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды. ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ол Аршалы ауданының ПБ УҰИ-на қамалды.
Тағы бір осындай фактті Аршалы кентінде 11 маусымға қараған түні учаскелік инспекторлар Азат Дүйсембеков пен Асылбек Ілиясов анықтады. Полиция қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру жүргізушінің «орташа дәрежеде» мас күйінде болғанын көрсетті. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың ағымдағы жылдың мамыр айында 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, жүргізуші Аршалы ауданының ПБ УҰИ-на қамалды.
Үш фактіге сәйкес ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.