Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды

Түркістан облысында дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:30 шамасында жасөспірім қызы дәріханаға барып келетінін айтып, қайта оралмаған. Жақындары өздері күні бойы іздеп таппаған. Содан полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды бірден іздеуге кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде, жас қыз бір күн ішінде Шардара ауданынан табылды. 18 жасар қызды полицейлер отбасына қайтарды.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлеріне қыздың анасы алғысын білдірді.

– Полиция қызметкерлері қашан да халыққа демеу бола біледі. Олар үнемі қолдарынан келетін барлық жақсылықты жасауға тырысады. Бүгін жоғалған қызымды тауып берді. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына дән ризамын! Табыс, сәттілік тілеймін. Елдің қамқоршысы болып жүре беріңіздер, – деп аналық ақ тілегін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру