Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қызметтік ит жолаушыдан есірткі тапты

Павлодар облысында қызметтік ит жолаушыдан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ленин кентіне жақын жерде «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу үшін автокөлікті тоқтатты.

Полиция қызметкерлері жүргізушімен сөйлескен кезде, Боран атты қызметтік-іздестіру иті өзінің мінез-құлқымен күдікті нәрсе тапқанын көрсете бастады. Көліктің салонын тексеріп, ештеңе таппаған соң, полицейлер жүргізушіден жүксалғышты ашуды сұрады. Мұнда қызметтік ит өсімдік тектес сұр-жасыл заттың құрамы бар үлкен сөмкеге белгі берді.

Жүргізуші аталған сөмкені Екібастұздан Павлодарға белгілі бір ақыға алып баруды ұйғарған жолаушыға тиесілі екенін түсіндірді.

25 жастағы жолаушы бұл затты өзі тұтыну үшін сақтағанын және оны медициналық мақсатта қолданатынын түсіндірді.

Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру