Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны фермерге 4,7 млн теңге шығын келтірді

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны фермерге 4,7 млн теңге шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы ПБ Мұстфин атындағы кентіндегі полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 72 жастағы басшысы жүгінді. Ол қоймада автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ бір тоннаға жуық дизель отынын сақтағанын айтты. Белгісіз тұлға күзеттің жоқтығын пайдаланып, ондағы мүлік пен жанармайды ұрлап кеткен. Шығын құны 4 млн 770 мың теңгені құрады.

Басты қиындық, ұрының кесірінен фермада көктемгі науқан қарсаңында күрделі проблемалар туындады. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнын қарап, жергілікті тұрғындарға сауалнама жүргізді. Кейбір куәгерлер – ауылдас 27 жастағы ер адамның қосалқы бөлшектер мен дизель отынын заңсыз алып шыққанын көргені белгілі болды. Бұл ретте, ол көрген адамдарға шаруа қожалығының басшысының тапсырмасын орындап жүрмін деп түсіндірген. Күдіктіге іздеу жарияланды.

Ал қаскүнем осы кезеңде полициядан жасырнған. 14 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол ұрланған бөлшектер мен жанармайды кімге және қашан сатқанын түсіндіріп, мойындады. Полицейлер бөлшектерді тауып, тәркілеп алып, фермерге қайтарды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру