Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 17 отбасылық жанжалқой жауапқа тартылды

Қарағанды облысында 17 отбасылық жанжал шығарушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтуде. Оның міндеті-отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалармен белсенді профилактикалық жұмыс жүргізу. Бұл жұмысқа полиция қызметкерлерінен басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен нарколог-дәрігерлер қатысуда.

Іс-шараның екі күнінде отбасында құқық бұзушылыққа жол берген 17 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оларға қатысты 23 қорғау ұйғарымы шығарылды.

Сонымен қатар, тұлғалардың мінез-құлқына төрт ерекше талап қойылды. Оның ішінде алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынған екі азамат және алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатын және наркологтар мен психологтардан кеңес алған 31 азамат бар. 37 қолайсыз отбасы анықталды, оларға қажетті құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

– Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша 50-ден астам қоғамдық іс-шаралар және бұрын тұрмыстық жанжалдар орын алған отбасылар бойынша 200-ден астам рейд өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмі бар мыңнан астам ақпараттық-тарату материалдары таратылды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері 68 әйелге консультациялық-құқықтық көмек көрсетті, оның ішінде үш әйел мен бес бала дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс әрқашан ерекше бақылауда, – деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шәкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру