Шымкенттік тәртіп сақшылары адасқан 5 жастағы қызды ата-анасына қайтарды
Шымкенттік тәртіп сақшылары адасқан 5 жастағы қызды ата-анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі уақытта әкімшілік аумақты тексеру жұмыстары кезінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері шамамен 5 жастағы қыздың жылап жатқанын байқады. Бала сауда орталықтарының бірінің ғимаратының алдында отырған, ал оған жақын жерде ешқандай ересектер болмаған. Тәртіп сақшылары қыздың жоғалғанын бірден түсініп, тез арада туыстарын іздей бастайды және болған жағдай туралы әріптестеріне хабарлаған.
Бірнеше минуттан кейін полицияға 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын қызының жоғалғаны туралы хабарлайды. Ол тәртіп сақшылары тапқан баланың анасы болып шықты. Анасының айтуынша, ол балаларымен бірге серуендеуге шыққан. Қызы балаларға арналған скутерге мініп келе жатқанда, оны кіші баласы алаңдатып алған. Әрі қарай әйел қызынан көз жазып қалады. Өз бетінше жасаған іздеуден нәтиже шықпаған соң, әйел полициядан көмек сұраған.
Тәртіп сақшыларының байқағыштығы мен жедел әрекетінің арқасында бүлдіршін аман-есен анасына тапсырылды. Өз кезегінде қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.