Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қасқой бөлшектеуге ұрлаған автокөлікті полицейлер қарағандылыққа қайтарды

Қасқой бөлшектеуге ұрлаған автокөлікті полицейлер қарағандылыққа қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусымда Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ер адам түнде көпқабатты үйдің алдында машинасын қалдырғаның айтты.

Жәбірленуші таң ертен машинаның жоғалғанын байқаған. Шығын мөлшері 2 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 және 32 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар ұрланған көлікті бөлшектеп сатпақшы болғандарын түсіндіріп кінәсін мойындады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілердің басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Дәл осы күні полициялар Yamaha скутер ұрлығының алдын алды. Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Балхаш көлінің жағасында скутер қалдырғаның хабарлады. Белгісіз қаскүнем жәбірленушінің алаңғасарлығын пайдаланып, құны 500 мың тұратын аталған көлікті ұрлап кеткен.

“Ізін суытпай” полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтады және ұстады. Ол скутерді бөлшектемексі болғаның мойындады. Скутер тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру