Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандарға аттестат тапсыру рәсімі өтті

СҚО-да сотталғандарға аттестат тапсыру рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда ЕС-164/3,6 мекемелерінде сотталғандарға кешкі жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы аттестаттарды тапсыру бойынша салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Сотталғандардың киімдерін түлектердің “көгілдір ленталары” безендірді.

Ерлер колониясында 11-сыныпты бітіргені туралы аттестатты 13 сотталған, 9-сыныпты бітіргені туралы 5 сотталған алды, ал әйелдер колониясында тоғызыншы сыныпты екі сотталған бітірсе, 11-сыныптың түлегі бес сотталған әйел атанды.

Мектеп директоры Жаңалық Құсайынов, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Рахметов, сынып жетекшісі Николай Максимов кешкі мектеп түлектеріне жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара соңында сотталғандардың күшімен көркемөнерпаздар концерті ұйымдастырылды, сотталғандарға өткізілген мектеп жылдары туралы әндер айтылды. Сотталғандар мекеме басшылығына және оқытушыларға бас бостандығынан айыру орындарында орта білім алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

– Мен бостандықта болған кезде оқу туралы ойламадым. Өте нашар оқыдым, 7 сыныптан кейін отбасымда проблемалар басталған кезде, мектепті тастап кеттім. Ата-анам ішті, маған бақылау болмады. Ерте жұмыс істей бастадым. Бас бостандығынан айыру орындарына түскеннен кейін оқуды жалғастыруды шештім. Мұнда бос уақыт көп, сабақтарды қалдырмай оқыдым, сабаққа мұқият және қызығушылықпен дайындалдым. Мұнда бір кездері өз мүмкіндігін жіберіп алғандарға білім алуға деген жақсы мүмкіндік бар, – деп бөлісті сотталған Иван.

Бұл күні мектепті бітіргені туралы куәлікті әйелдер колониясының 34 жастағы сотталғаны Наталья да алды. Ол бүгінгі түлектердің арасындағы жасы ең “үлкені”.

– Отбасым мені мақтан тұтады. Мен өте бақыттымын, түлектің көк лентасын киген кездегі күйді бастымнан өткіздім. Одан әрі колледжде “тігінші” мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отырмын, – сотталған Наталья.

– Мекемеге келген сотталғандар, егер олардың орта білімі болмаса, 30 жасқа дейін мектепті ҚР ҚАК 127-бабына сәйкес бітіруге міндетті. 30 жастан кейін — сотталғандардың қалауы бойынша. Бас бостандығынан айыру орындарындағы оқу жоспарының бағдарламасы білім беру жүйесінен еш айырмашылығы жоқ, мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оларға аттестаттар беріледі. Мекеме базасында 11-сыныптан кейін сотталғандар Петропавл кәсіптік колледжінде “тігінші”, “қаптаушы”, “плиташы” және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта-арнайы білім ала алады, — деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру