Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

28 жастағы Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды

28 жастағы Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Королев-Қостанай көшелерінің қиылысында 28 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Жеке тінту барысында күртешенің қалтасынан ұнтақ тәрізді заты бар 126 түйір табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат аса ірі мөлшерде, салмағы 66 грамм а-РVР (скорость) психотроптық зат болып шықты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Екібастұз қаласы ПБ УҰИ-на қамалды.

Айта кету керек, ұсталған азамат бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру