Қарағанды облысында ІІО-на қызметке тұрған 30 қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады
Қарағанды облысында ІІО-на қызметке тұрған 30 қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда кәсіби мереке — Полиция күні атап өтіледі. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын.
24 маусымда Қарағанды қаласының ПБ аумағында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған саптық шеруде 30 ішкі істер органдарына жаңадан қызметке тұрған жас қызметкерлер өз Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Алаңға ҚР Туы шығарылғаннан кейін салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасары Ержан Мүрсәлімов жас қызметкерлерге құттықтау сөз сөйледі. Ол жас қызметкерлерді маңызды күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға және өзінің барлық іс-әрекеттерінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға тілек білдірді.
– Полиция қызметкері үшін ең басты қасиет бұл, ең алдымен, өз Отанына деген сүйіспеншілік және өз міндетін орындау үшін жауапкершілік сезімі. Сіздер ішкі істер органдарына қызметке келдіңіздер, бұл қиындығы мен қызығы қатар жүретін өте жауаты қызмет. Бұл жол сізден шыдамдылықты, оның ішінде мықты ерік-жігерді талап етеді, – деді Е. Мүрсәлімов.
Бүгін Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Темірлан Ахметжанов ант қабылдап, өзінің алғашқы полиция лейтенанты атағын алды.
– Дәл осы мереке күні Қазақстан полициясының 30 жылдығы күні ант қабылдау мен үшін үлкен құрмет. Біз, яғни бүгін ант қабылдаған ішкі істер органдарының қызметкерлері, аға буыннан үлкен өнеге ала отырып, қоғамдық тәртіпті, Отанымыздың тұрақтылығы мен тыныштығын көзіміздің қарашығындай қорғаймыз, Отанымыз Қазақстан Республикасының мүдделеріне адал қызмет етеміз, – деді полиция қызметкері Темірлан Ахметжанов
Қарағанды облысы ІІБ ардагерлер мүшесі Мұқан Нұрмақов полиция ардагерлерінің атынан жас сақшыларға тілек білдірді.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласы полиция басқармасының 50 қызметкері «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін және 9 полицей өзінің алғашқы офицерлік атағын алды.
Саптық шеруде Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының құрметті қарауыл ротасы мен барабаншылар тобының өнер көрсетулері қойылды.
Салтанатты іс-шараның соңында Қарағанды қаласының ПБ жеке құрамы салтанатты маршпен сап түзеп өтті.