Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді

ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды. Сондай-ақ, ақпаратты өңдеу барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы кесілді.

– Ер адамдарда қару алуға рұқсат құжаттары болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру